Е.Ашықбаев Түркияда өткен БҰҰ конференциясына қатысты

Аз дамыған елдерді дамыту мақсатында жаһандық ынтымақтастықты нығайтуды мақсат тұтқан форумға 3 мыңға жуық адам қатысты.
Іс-шараға қатысушылар Ыстамбұл декларациясы мен іс-қимыл бағдарламасын, сондай-ақ осы елдердің тұрақты даму жоспарын талқылады. Ол 2011 жылы Ыстамбұлда өткен БҰҰ аз дамыған елдер жөніндегі төртінші конференциясында қабылданған.
Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев бастап барды, ол шет елдік әріптестерімен екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау, сондай-ақ Қазақстанды 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлау жөніндегі қазақстандық бастаманы ілгерлету мәселесімен кездесті.
Қазақстандық делегация жетекшісі семинар аясында жалпы мәжілісте Қазақстанның Африка елдерімен ынтымақтастығына арналған мәселелер бойынша баяндама жасады.
Қазіргі таңда әлемде аз дамыған 48 мемлекет бар. Онда 880 млн адам өмір сүреді (әлем халқының 12 пайызы). Олардың 34-і Африкада, 9-ы Азияда, 4-уі Тынықмұхит аймағында, біреуі Кариб аймағында орналасқан.