Е.Досаев: Ауыл әкімдіктерін нығайтуға берілген 4 369 штаттық бірліктің 312-сі әлі де бос

АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ауыл әкімдіктерін нығайтуға берілген 4 369 штаттық бірліктің 312-сі әлі де бос. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Е.Досаев: Ауыл әкімдіктерін нығайтуға берілген 4 369 штаттық бірліктің 312-сі әлі де бос

«Ауыл деңгейіне нақты 4259 бірлік берілді. Яғни ауыл әкімдігін нығайтуға орталық деңгейден берілген 4 369 мақсатты штат бірліктерінің 312-сі ауылдық округ әкімдіктерінің аппараттарын нығайтуға бағытталмаған», - деді министр.

Аталған министрлік баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, әкімдерді сайлауды енгізу және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды ескере отырып, орталық мемлекеттік органдардан тиісті штат санын нысаналы қайта бөлу және саны 4 869 бірлік облыстардың жергілікті атқарушы органдарын, оның ішінде облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардан - 500 бірлікті оңтайландыру жолымен ауылдық округтарды, ауылдық округ құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдар нығайтылды.

Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аппараттарының штат саны нормативтеріне қатысты, ал олардың дәйектелімі халық санына байланысты кеңейтілді.