19:46, 13 Шілде 2016 | GMT +5
Е.Досаев «Қазақстанның инвестициялық қоры» директорлар кеңесіне төраға болып сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшысы Ерболат Досаевтың төрағалығымен Холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметінен.
«Отырыстың күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды. Онда «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып, «Бәйтерек» Холдингінің Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев сайланды. Сонымен қатар, Директорлар кеңесінің Комитеттерінің құрамы сайланды», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Директорлар кеңесінде 2015 жылға Даму жоспарының орындалуы туралы есеп қарастырылып, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның 2014-2018 жылдарға арналған түзетулер енгізілген Даму жоспары бекітілді.