Е.Досаев: Қазақстанның мемлекеттік сараптама жүйесі толықтай жаңғыртылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның мемлекеттік сараптама жүйесі толықтай жаңғыртылады. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
None
None

«2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жобалау сараптамаларының 50 пайызын жеке секторға бердік. 2019 жылға қарай біз сараптама қызметінің 90 пайызын жеке меншікке өткіземіз. Тек мемлекеттік маңызға ие нысандарға сараптама жасау мемсекторда қалады», - деп атап өтті министр.

ҚР ҰЭМ басшысының айтуынша, сараптама қызметімен айналысатын барлық ұйымдарға талап күшейтіледі.

«ҚР ҰЭМ-де 42 сараптама ұйымы тіркелген. Оларға қатысты талаптар нақты көрсетілген. Сонымен қатар осы сарапшылардың барлығына тұңғыш рет әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізіліп отыр», - деді Е.Досаев.

«Мониторинг қорытындысы бойынша, нарықта бәсекеге төтеп бере алған компаниялар қайсы екенін біз көретін боламыз. Жалпы бүгінде шектеу жоқ, порталда талапқа сай келетін әрбір білікті компания тіркеле алады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар