Е.Досаев пен В.Жанг АДБ Басқару кеңесінің 47 отырысына дайындық барысын талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Азия даму банкінің вице-президенті Венчай Жангпен кездесуі барысында АДБ Басқару кеңесінің жыл сайын өтетін 47-ші отырысына дайындық барысын талқылады. Бұл туралы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Сонымен қатар, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың болашағы мен бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде пікір алысты. Азия даму банкінің жыл сайын өтетін 47-ші отырысы ағымдағы жылдың 2-5 мамыр аралығында Астана қаласында «Жаңа Жібек Жолы - ауысыпалы әлемдегі Азия мен Еуропаны жалғастырушысы» тақырыбында өтеді. АДБ 1966 жылы тікелей қарыз және техникалық жәрдем беру жолдары арқылы Азия мен Қиыр Шығыстағы экономиканы жетілдіру мақсатында құрылды. Қазақстан 1994 жылы АДБ құрамына кіргеннен бері ауыл шаруашылығы, білім, қаржы, көлік, су және т.б. салаларға 3,2 млрд. АҚШ доллар көлемінде суверенді және суверенді емес несиелер алды.