Е. Қарин: Қауіпсіздіктің түйінді мәселелерін шешудегі қадамдар жүйелі әрі кешенді болуы тиіс

«Бүгінде болып жатқан дағдарыстардың салдары қақтығыстар кез келген жерде тұтануы мүмкін екенін тағы да көрсетіп отыр. Бұндай шиеленістерге әртүрлі проблемалар себеп болуы ықтимал. Сәйкесінше, қауіпсіздіктің түйінді мәселелерін шешудегі қадамдар мен қатынастар, реакциялар жүйелі әрі кешенді болуы тиіс»,-деді Е. Қарин «Хельсинки қорытынды актісінің (1975) жəне Астанадағы Саммиттің (2010) мерейтойына арналған ЕҚЫҰ жетістіктері мен қатерлері» атты халықаралық конференцияда. Сонымен қатар, ол БҰҰ-ның мәліметтері бойынша соңғы бес жылда әлемде 15 жаңа қақтығыс орын алып, оның ешқайсысы шешілмегенін атап өтті. «Осы қақтығыстардың көбісі қарулы шиеленістерге ұласты. Сондықтан да, Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Астанадағы Саммитте (ЕҚЫҰ) өткен ғасырда қалып¬тас¬қан транс-атлантикалық интеграция орынды түрде транс-еуразиялық интеграциямен толығуы мүмкін екенін айтқан», - деді Е. Қарин.