Е.Қарин Жаһандық Стратегиялық Бастама - 2045 жоспарын әзірлеу бойынша ұсынысты талқылауға шақырды
«ЕҚЫҰ институттарының түрлі алаңдары аясында сарапшылар БҰҰ мінберінен Қазақстан Президенті ұсынған Жаһандық Стратегиялық Бастама - 2045 жоспарын әзірлеу бойынша бастаманы талқылауға қосылуы қажет»,-деді Е. Қарин «Хельсинки қорытынды актісінің (1975) жəне Астанадағы Саммиттің (2010) мерейтойына арналған ЕҚЫҰ жетістіктері мен қатерлері» атты халықаралық конференцияда. Осы орайда, ол бұл талқылаулар әлемдік қоғамдастыққа тұрақтылық пен қауіпсіздікке қолжеткізу бойынша бірыңғай қадамдарды барынша бағалауды, бірлескен күш-жігердің талаптарын даярлауға мүмкіндік беретіндігін атап өтті. Еске сала кетейік, биыл 29 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші мерейтойлық сессиясында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының жүз жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама - 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынды. Мемлекет басшысы өз сөзінде ХXI ғасырда адамзаттың ең басты міндеті әлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын және оның себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс екендігін баса айтты.