Е-қатысу индексі бойынша Қазақстан екінші орынға көтерілді

АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - «Қазақстан электрондық үкіметтің дамуы бойынша БҰҰ рейтингінде бірнеше сатыға көтерілді», - деп жазды Үкімет басшысы  Кәрім Мәсімов Twitter-ге. 
None
None

Біріккен Ұлттар Ұйымы жүргізген зерттеу Ұйымға мүше 190 мемлекетті электрондық үкіметтің дамуы бойынша салыстырмалы бағалау болып табылады. Мұндай зерттеу 2003 жылдан бері және екі негізгі индекс бойынша: е-үкіметтің даму индексі және е-қатысу индексі бойынша жүргізіліп келеді. 

Зерттеудің қорытындысы бойынша Қазақстан (2010 жылмен салыстырғанда) 8 бағамға, 46-шы орыннан 36-шы орынға көтерілді. Оның үстіне онлайн-қызметтер индексі -10 бағамға, телекоммуникациялық инфрақұрылым индексі - 14 бағамға көтерілді. 

Е-қатысу индексі бойынша Қазақстан Сингапурмен бірге 2-ші орынды бөлісті. Бұл индекс азаматтардың үкіметпен онлайн-хабарласу (блогтар, твиттер, әлеуметтік желілер, Интернет-конференциялар) мүмкіндіктерін анықтайды. 

Үкіметтің үкіметтік емес сектормен ынтымақтастыққа да үлкен мән беріп отырғанын айта кету керек. 

Қосымша ақпаратты www.pm.kz сайтынан қараңыздар.

 

 

Соңғы жаңалықтар