Е.Қайыров ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Ерлан Қайыров ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР ИЖТМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Е.Қайыров ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Қайыров Ерлан Қартайұлы 1978 жылы 15 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келді.

Ол Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ді «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдады.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы қайта даярлау институтында және Дүниежүзілік банктің Экономикалық даму институтында оқыды.

1999-2001 жылдар аралығында мемлекеттік органдарда сыртқы экономикалық байланыстар саласында қызмет етті.

2002-2004 жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрінің кеңсесі сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2004-2006 жылдар аралығында - ҚР Президенті Әкімшілігі сыртқы саясат орталығының бас инспекторы.

2006 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі аппаратының басшысы болды.

2006-2007 жылдарда -«Атамекен» кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы басқармасы төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының кеңесшісі.

2007-2010 жылдар аралығында - «Қазақтелеком» АҚ-ның сыртқы байланыстар жөніндегі атқарушы директоры.

2010 жылы «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің Еуропа елдері бойынша өңірлік директоры.

2011 жылдың ақпан айынан бастап - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.