Е.Королев Нью-Хэйвенде өтіп жатқан АТР сериясы турнирінің ширек финалына өтті

АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Евгений Королев Нью-Хэйвенде өтіп жатқан АТР сериясы турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстанның Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Е.Королев   Нью-Хэйвенде  өтіп жатқан  АТР  сериясы  турнирінің ширек    финалына    өтті

Үшінші айналымда Евгений 7:6, 6;4 есебімен украиналық Илья Марченконы жеңді.

Енді жартылай финалға шығу құқығы үшін Евгений Королев нидерландылық Тьемо Де Баккермен күш сынасады. Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (АТР) тізімінде нидерландылық спортшы 53-ші орында болса, Е. Королев - 73-ші орында.

АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің жүлделік қоры - 600 мың доллар. Турнирдің ақтық кездесуі тамыздың 27-сінде өтеді.