Е.Қожағапанов дене тәрбиесі мұғалімдеріне қосымша төлемдер көлемін арттыруды ұсынды

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Мектептерде спорттық секцияларды өткізетін дене тәрбиесі мұғалімдеріне қосымша қаржылық төлем жасау тетігін реттеу керек.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов мәлім етті.

«ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2012 жылы спорт секцияларымен қамтылған оқушылардың үлесі 27 пайызды құрады. Әлемдік тәжірибеде спорттық секциялармен 80 пайыздан астам оқушылар қамтылған»,-деді агенттік басшысы.

Оның айтуынша, мектептерде сабақтан тыс спорттық дайындықтарды өткізуге дене тәрбиесі мұғалімдеріне базалық лауазымдық еңбекақыдан 45 пайыз көлемінде қосымша төлем қарастырылған. Алайда, жүргізілген талдауға қарағанда, айына 7 мың теңгеден астам аталған қосымша төлем білім беру ұйымдарының тек 45 пайызында іске асырылады.

«Бұл өз кезегінде оқушылар арасында бұқаралық спортты дамытудың әлеуетін айтарлықтай төмендетіп, дене тәрбиесі оқытушыларының сабақтан тыс секцияларды өткізуге ынталандырмайды»,-деді Е. Қожағапанов.

Сөз соңында ол аталған төлемдер деңгейін арттыру керектігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар