Э. Кустурица фестивалінде 22 қаңтарда Әділхан Ержановтың «Үкілі Кәмшат» фильмін көрсетеді
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Авторлық «Кустендорф» кино фестивалінің ашылуына қазақстандық сценарист және режиссер Әділхан Ержанов қатысады. Шара Сербияның Босня мен Герцеговинамен шекарасындағы тауда, Дрвенград этноауылында өтеді.
Бас алаңда Әділхан Ержановқа арнап нан үзу рәсімі ұйымдастырылды.
Ержановтың «Үкілі Кәмшат» фильмі экраннан бүгін, семинардан кейін көрсетіледі. Сондай-ақ көрермендер Эмир Кустурица, Андрей Кончаловский, Андрей Тарковский, Альфонсо Куарон, Бертран Травернье және көптеген басқа да режиссерлердің фильмдерін тамашалайды.
«Кустендорф» фестивалін жыл сайын белгілі режиссер Эмир Кустурица ұйымдастырады әділқазылар төрағасы биылғы жылы француз актрисасы, продюсер Клоди Оссар болады.