Э. Мунканың «Айқай» туындысы 120 млн. АҚШ долларына сатылды

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Эдвард Мунканың танымал «Айқай»  туындысы аукционда 120 млн. АҚШ долларына сатылды.

Э. Мунканың «Айқай» туындысы 120 млн. АҚШ долларына сатылды

Бұл жайында Утро.ру хабарлайды. Осы арқылы аталған шығарма тарихта ең қымбат полотнолардың біріне айналды.

Нью-Йорктегі Sotheby's аукционында оның бастапқы құны 50 млн. долларды құрады. 15 минут ішінде картинаға 7 үміткер таласты. Нәтижесінде, бұл туындыны аталған саудаға телефон арқылы қатысқан сатып алушы иеленді. Оның есімі жария етілген жоқ. Мунканың картинасынан түскен қаржы Норвегиядағы мұражай мен өнер орталығының құрылысына бағытталмақ,-деп хабарлап отыр ВВС.