Е.Нысанбаев: Су ресурстарын басқару мембағдарламасын іске асыру жоспары таяуда Үкіметте бекітіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шараларының жоспары таяуда Үкіметте бекітіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қоршаған орта және су русурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Елбасы Жарлығына сәйкес, Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын әзірледі.

«Қазір мүдделі мемлекеттік органдарда келісуден өтуде және жақын аралықта Үкіметтің бекітуіне енгізілетін болады», - деді Е.Нысанбаев.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, 2014-2040 жылдары аралығында бағдарламаны жүзеге асыру үшін 8,2 трлн. теңге қажет. Оның 5,4 трлн. теңгесі республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінетін болады. Ал 2,8 трлн. теңгесі - бюджеттен тыс қаражат.

Соңғы жаңалықтар