Е.Өтембаев Люксембургтегі ҚР Елшісі, Қазақстанның Еуроодақ пен НАТО жанындағы тұрақты өкілдігінің басшысы қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды
АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев
Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.