«E-Otinish» өтініштерді бір терезе қағидатымен қабылдайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «E-Otinish» өтініштерді бір терезе қағидатымен қабылдайды. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Биыл біз E-Otinish ақпараттық жүйесін іске қосып,азаматтармен өзара іс-қимылдың жаңа форматына көштік. Бірақ, оны әлі де пысықтау қажеттігін байқадық. Сондықтан да ендігі уақытта ол өтініштердің барлық түрін қабылдау үшін бір терезе ретінде трансформацияланатын болады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Агенттік төрағасының атап өтуінше, Президент Жарлығында қағаз сатып алуды және онымен байланысты шығыстарды қысқарту қажеттілігі айтылған. Бұл ретте аталған шығындар үш есе қысқаратын болады.

«Толықтай алғанда, Жарлықта көзделген іс-шаралар мемлекеттік органдарды қағазсыз ортаны қамтамасыз етуге ынталандырады және өзара іс-қимылдың цифрлық форматына басымдық береді», - деді Айгүл Шайымова.


Соңғы жаңалықтар