Э. Рахмон басым көпшіліктің дауысымен Тәжікстанның президенті болып қайта сайланды

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Тәжікстан сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, Эмомали Рахмон президент сайлауында сайлаушылардың 83,6 пайыз дауысына ие болып, қайтадан жеті жыл мерзімге президент болып сайланды, деп хабарлады РИА «Новости».
None
None

Сайлаудың қорытындысы дауыс беруден кейін он күн ішінде жариялануы керек.

Бір қызығы, дәл сайлау болған күні бірнеше интернет-провайдерлер алдын ала ескертусіз Тәжікстандағы YouTube видеохостингісіне және өзге де интернет порталдарға кіру мүмкіндігіне тосқауыл қойған, деп хабарлады «Би-Би-Си-дің ресейлік қызметінен».

Интернет-компанияның басшылығы бұл жағдайды техникалық себептерге байланысты деп түсіндірді. Олар биліктен бұл сайттарды жабу туралы бұйрық алдық деп растамады, алайда алмадық деп жоққа да шығармады.. Тәжікстанның байланыс қызметі болған жағдайға байланысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар