Е.Серғазинді ҚР президенттігіне үміткер ретінде тіркеуден бас тартылды - ҚР ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда ҚР Президенттігіне үміткер Ержан Серғазинді үміткер ретінде тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданды.

Е.Серғазинді ҚР президенттігіне үміткер ретінде тіркеуден бас тартылды - ҚР ОСК

Аталған шешімді ұсынған ҚР ОСК мүшесі Л.Сүлейменнің айтуынша, Ержан Мерекеұлы Серғазин 1971 жылы туған. Тумысынан Қазақстан Респубилкасының азаматы болып табылады. Бүгін ол ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысына қатысып, емтихан тапсырған.

«Комиссияның қорытындысы бойынша ол мемлекеттік тілді еркін меңгермеген. Сондықтан ҚР Президенттігіне үміткер Е.Серғазин ҚР Конституциясына және «Сайлау туралы» заңының талаптарына сәйкес емес деп белгіленсін және оны ҚР Президентіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылсын деген ұсыныс енгіземін», - деді Л.Сүлеймен.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері бұл ұсынысты қолдап, арнайы шешім қабылдады.