13:11, 02 Маусым 2015 | GMT +5
Е.Шпанов: Мемлекеттік қызмет пен жемқорлықпен күрес жеке-дара болуы қажет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет пен жемқорлықпен күрес жеке-дара қызметтер болуы қажет. Бұл пікірді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еркін Шпанов білдірді.

Ол өз сөзінде Елбасы Н.Назарбаевтың жемқорлықпен күрес бойынша жеке-дара бөлімше құру қажетті туралы айтқандығын еске салып өтті.
«Қазіргі уақытта бізде екі қызметті қосып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылған. Меніңше, мұны бөлу қажет. Мемлекеттік қызмет агенттігі мемлекеттік қызметпен, меритократия ұстанымдарының сақталуымен айналысуы тиіс. Ал ҚР Президентіне тікелей бағынатын бөлім немесе жеке бөлімше жемқорлыққа қарсы күреспен шұғылдануыы қажет», - деді халық қалаулысы.