Э.Суханбердиева: ҚР Тұңғыш Президенті күні - тәуелсіздігіміздің символы
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күні бұл - біздің тәуелсіздігіміздің символы, деді Астана қаласы Білім басқармасы басшысы Эльмира Суханбердиева жаңажылдық бас шырша шамдарын жағу салтанатты шарасында.
«Бұл мерекеге құрметті қонақ ретінде 300 жетім бала қатысты. Әуелі олар «Астана Опера» театры ғимаратында саяхат жасады. Жалпы, шараға Астана мектептерінен 3000 бала қатыстырылды. Бас шыршаның жағылуы өте қуанышты болды. Балалар мұны тағатсыз күткен еді. Бұл астаналық бүлдіршіндер ғана емес, барлық балаларға қуаныш сыйлады. Шара жалпы, өте тамаша өтті», - деді Э. Суханбердиева.