Е.Сұлтанов: аудан әкiмдерi ерiктi өрт жасақтарын қағаз жүзінде емес, iс жүзiнде құруы қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерiк Сұлтанов орман өрттерiнiң алдын алу мен оларға қарсы күрес және өңiрдегi автожолдарды жөндеу жайы қаралған жиынға қатысты. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Е.Сұлтанов: аудан әкiмдерi ерiктi өрт жасақтарын қағаз жүзінде емес, iс жүзiнде құруы қажет

Облыстағы орман қорының жалпы ауданы 549 мың гектарды қамтиды. Оны қорғауға 578 мемлекеттiк орман қорғау қызметкерi жұмылдырылған.

Өткен жылы облыс аумағында 4 орман өртi мен орманға iргелес жерде 124 от тұтану тiркелдi. Талдау өрт шығуына орманға жақын егiстiктердiң 4 метрлiк жыртылған жерiнiң болмауы және аңыз қалдықтарын бақылаусыз өрттеу себеп болатынын көрсетті.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Анатолий Усольцев 10 сәуiр басталатын өрт туындау қаупi бар маусымға дайындық туралы баяндады.

«Алдағы өрт қаупi бар кезеңде тұтануды жою үшiн мемлекеттiк орман мекемелерi 16 орман өрт стансасын, 16 өрт көлiгiн, 76 топырақ өңдейтiн жабдық тiркелген тракторды ретке келтiрдi», - дедi ол.

Ерiк Сұлтанов әр аудандағы ерiктi өрт жасақтары жұмысының тиiмдiлiгiне көңiл бөлдi.

«Аудан әкiмдерi ерiктi өрт жасақтарын қағаз жүзінде емес, iс жүзiнде құруы қажет. Орманды бақылаусыз от қоятындарға қатысты қатаң шара қолдану қажет. Жұмысты бiр ай iшiнде өткiзу қажет», - деп тапсырды облыс әкiмi.

null