Э.Тұрсынбаева «Skate Americaда» 4-ші орынға, табан тіресе, Д.Тен 9-шы орынды місе тұтты
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева 4-орынға көтерілді. Бұған дейін ол қысқа бағдарламасын орындап, 7-орынға тұрақтаған болатын. Жалпы есепте 178,56 ұпай жинаған ол 4-орынға табан тіреді. Әйелдердің дара сырғанауы бойынша жеңіс ресейлік Евгения Медведеваға бұйырды. Екінші орынды америкалық Грэйси Голд иеленсе, үшінші орынды жапондық Сатоко Мияхар алды.
Ал, Денис Тен Skate America Гран-приінің алғашқы кезеңінде тоғызыншы нәтиже көрсетті. Бүгін өткен ерікті бағдарламада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 11-орыннан көрінді. Қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша алтыншы орын алған Тен жарыстың қорытындысында 9-орынға табан тіреді. Оның жалпы ұпайы- 201,52. Ал бас жүлде американдық Макс Ааронға (258,95) бұйырды. Екінші орынға жапондық Шом Уно (257,43) тұрақтанса, үшінші орынды қысқа бағдарлама қорытындысынан соң 8-орынға табан тіреген америкалық Джейсон Браун (238,47) иеленді.