Е-үкімет онлайн режімде шамамен 2 миллион ақпараттық, 219 интерактивті және транзакциялық қызмет көрсете алады

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Е-үкімет онлайн режімде шамамен 2 миллион ақпараттық, 219 интерактивті және транзакциялық қызмет көрсете алады.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

Электронды үкімет қызметін жақсартуға бағытталған шараларға мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту кіретіндігін атап өткен министрдің деректеріне сәйкес, еліміздің электронды үкіметінің даму индексі 46 орынға, ал электронды қатысу индексі бойынша 18 орынға шыққан. Ал адами капитал бойынша 192 елдің ішінде 22-ші орынға көтерілген.

«Электронды үкімет ядросы қазірдің өзінде қалыптасты және барлық жүйеқұраушы саласы жұмыс істеп тұр. Бұл бүгінде Қазақстан халқына 10 млн-нан астам қызмет көрсетуге мүмкіндік береді», - деді А.Жұмағалиев.

Оның алға тартқан деректеріне сәйкес, өткен жылы е-үкімет арқылы 8,3 млн қызмет көрсетіліп, 917 мың электронды сандық қолтаңба мен 3,5 мың электронды лицензия берілген.

Соңғы жаңалықтар