11:44, 21 Қараша 2011 | GMT +5
«Е-үкіметтің» интерактивті қызметтерін алуда ЭЦҚ-мен жұмыс істеудің жеңілдетілген нұсқасы таныстырылады
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Ертең елордада «электрондық үкіметтің» жаңа қызметтері мен мемлекеттік органдардың интерактивті қызметтерін алуда электронды сандық қолтаңбамен жұмыс істеудің жеңілдетілген нұсқасы таныстырылады, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

Олардың қатарында коммуналдық қызметтерді төлеу, емханадағы дәрігерлер қабылдауына кезекті онлайн-брондау, балабақша кезегіне электрондық тұру сынды жаңа қызмет түрлері бар. Таныстырылым барысында электрондық құжаттарды алуда ЭЦҚ-ны қолданудың тетіктері үйретіледі. Сондай-ақ, қызықты сұрақтарға жауап беріледі.
Баспасөз конференциясына Байланыс және ақпарат вице-министрлері С. Сәрсенов пен Л. Танысбай, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Р.Еңсебаев, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Т. Исмағамбетов қатысады.