Е. Ыдырысов ЕҚЫҰ СІМК отырысында ҚР Президентінің терроризммен күрес жөніндегі бастамасын қолдауға шақырды
Отырыс барысында кетіп бара жатқан жыл Ұйым үшін бірқатар себептермен айтулы болғаны атап өтілді. Оның ішінде ЕҚЫҰ мен еуропалық қауіпсіздіктің заманауи архитектурасын құру үшін негіз болған Хельсинки Қорытынды Актісіне қол қоюдың 44 жылдығы, сондай-ақ 2010 жылы ұйым саммитінде Астана декларациясының қабылдануының 5 жылдығы бар.
Пленарлық отырыс барысында ЕҚЫҰ-ға қатысушы 57 елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қауіпсіздік саласындағы, Ұйымның даму перспективалары, «Хельсинки+40» үдерісін жалғастыру мәселелерінің халықаралық күн тәртібін талқылады.
Әлемде болып жатқан оқиғаларды есепке алып, форум қатысушылары ынтымақтастықты нығайту, жаңа сын-қатерлер мен қауіптер аясында Еуразиялық және Еуроатлантикалық кеңістікте тең диалогты қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасты. Украинадағы жағдайды, ресейлік ұшаққа қатысты таяуда орын алған Ресей мен Түркия арасындағы қатынастарды реттеу перспективалары, терроризммен және экстремизммен күресте ЕҚЫҰ әлеуетін нығайту мәселелері басты тақырып болды.
СІМК пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Е. Ыдырысов Таяу Шығыстағы қақтығыстардың таралуы мен ЕҚЫҰ жауапкершілік аймағындағы жағдайға тікелей ықпал ететін «ДАИШ» тарапынан қауіптің артуы аясында Ұйымның басым бағыты қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту болу керектігін атап өтті. Бұл жағдайларда ҚР СІМ Астана декларациясының ережелерін іс жүзінде іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру маңыздылығына тоқталды.
Ол сондай-ақ өз әріптестерін БҰҰ Бас Ассамблеясының 7 жылдығы мінберінде Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың айтқан лаңкестікке қарсы күреске бағытталған бастамасын қолдауға шақырды.
Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы басшысы сөйлеген сөзінде ЕҚЫҰ мүмкіндігіне өңір елдерін де, елдердің қауіпсіздігі мен орнықты дамуына мүдделі сыртқы факторларды да қоса алғанда, барлығы үшін Орталық Азиядағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін шек құруға үлес қосуды ерекше атап өтті.
ҚР СІМ баспасөз қызметінде хабарлағандай, ЕҚЫҰ СІМК пленарлық отырысында Е. Ыдырысов ЕҚЫҰ мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының дәстүрлі кездесуіне қатысты, оның барысында тараптар аталған Ұйым күн тәртібінің мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша жалпы еуропалық қауіпсіздік жүйесінде ЕҚЫҰ рөлі туралы ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Кездесу аясында Е. Ыдырысов РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті, олар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.