Е. Ыдырысов «ҚазАқпарат» агенттігінің ұжымын 95 жылдығымен құттықтады
«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің құрметті редакциясы!
Ақпараттық агенттіктің құрылуының 95 жылдығына байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!
1920 жылы өзінің жұмысын алғаш рет бастаған «ҚазАқпарат» әлі күнге дейін Қазақстанның барлық халқы үшін бағдар болып қалуда, агенттік біздің елімізде ғана емес, сонымен бірге әлемдегі негізгі оқиғалар туралы жанды және қызықты беделді ақпарат көзінің мәртебесін қуаттауда, сондай-ақ нығайтуда. Қазақстандық оқырмандар үшін агенттіктің маңызды ерекшелігі - өмірдің түрлі салаларындағы репортаждар тақырыптарының кең ауқымы болып табылады.
Ақпараттық агенттіктің жұмысы бойынша Қазақстанның тәуелсіздікті иемдену жолын, сондай-ақ қарқынды даму үстіндегі беделді мемлекет және халықаралық қоғамдастықтың әріптесі ретінде қаз тұру, қалыптасу кезеңдерін қадағалауға болады. Және бүгін шетелдердегі тілші қосындарының кең тарапты желісі мен көптеген шет тілдеріндегі тұғырнамалар арқылы Сіздер қазақстандық, сондай-ақ әлемдік аудиторияға біздің еліміздегі басты оқиғалар туралы алғашқы дерек көздерінен және нақты уақыт режимінде объективті әрі шынайы ақпаратты таратуды жалғастырып келесіздер.
«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің барлық құрамына бұдан былай да шығармашылық табыстар және ұзақ жылдар бойы белсенді қызмет тілеймін!» деп жазылған құттықтау мәтінінде.