Е. Ыдырысов: Қазақстан Сирия дағдарысына арналған кездесудi қайта өткізуге дайын

Оның сөзiне қарағанда, келiссөздердің қайта өтуi әбден мүмкiн, "дегенмен ол сириялық күштердiң осы мәселеге қатысты келiссөздер өткiзуге деген ынтасына байланысты".
"Бiздiң ұстанымымыз ашық. Әлiптiң соңын күтейiк. Сириялық дағдарысты реттеуге жұмылдырылған ортақ күш-жiгер басым болады деп үмiттенемiз және Женева процесi қайта жанданып, оны соңына дейiн жеткiзу мүмкiн болады деп есептеймiз. Егер ол үшiн Астанада тағы да келiссөздер өткiзу қажет болса, Қазақстан оған дайын", - дедi министр. ҚР СIМ басшысы Қазақстан қайшылықтарды бейбiт жолмен шешудiң барлық жолдарын құптайтынын атап өттi.
"Әрине, бiз әрiптес-достарымыздың, әсiресе БҰҰ-ның Сирия дағдарысы бойынша арнайы елшiсi Мистура мырзаның ұстанымдары мен кеңестерiне жүгiнетiн боламыз", - деп атап өттi ол.
Бұның алдында хабарлағанымыздай, маусым айында ҚР Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов Женевада БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы елшiсi Стефан де Мистурамен кездеседi.