Е. Жеңісұлының "Бір жарық" деп аталатын алғашқы жыр жинағы шықты

АЛМАТЫ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда "Жалын" баспасынан белгілі спорт журналисі,   балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық "Ұлан" газетінің бас редакторы Есей Жеңісұлының "Бір жарық" деп аталатын алғашқы жыр жинағының сүйінші данасы  шықты, 
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 "Жас толқын" сериясымен жарық көрген бұл кітап Мәдениет және ақпарат министрінің бағдарламасы бойынша шығарылып отыр. Тұңғыш жинағын анасы Әуесхан Сабазқызына арнаған ақын "Жиырма бес" деген өлеңінде - "Жиырма бес, көзімдегі сағымды аштың, Жолыма нұр төседің жалын шаштың. Сен боп өткен күндерді аңсағанмен, Өкінішті сен берген сағынбаспын..."- дейді.

Үш бөлімнен тұратын бұл кітаптың алғашқы "Жиырма бес" деп аталатын бөлімінде жастық, махаббат  тақырыбындағы  өлеңдер топтастырылған. Олардың  ішінде "Жиырма бес", "Досқа", "Жарастық па екен", "Кешқұрым шақ...", "Сен менің тылмыс әнім ең",  "Менде сенің төрт суретің бар", "Жылап тұр Алматы көктемі", "Жасырып әуре болмашы...", "Хатқа жауап" деген сияқты 34 жыр бар. "Өмірді сүю" деп аталатын екінші бөлімде - өмір, сезім, қуаныш, мұң тақырыптарының аясындағы  24 жыр қамтылған.   Ал  "Адамдарға наз" деп аталатын үшінші бөлімде әртүрлі тақырыптағы "Біздің шал", "Жылама", " Көлсай", "Абориген", "Жүреккке алғыс", "Өмір фәлсафасы" тәрізді 31 жыр жинақталған.

Соңғы жаңалықтар