ЕАЭО алқасының төрағасы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттерін Наурыз мерекесімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақ алқасының төрағасы Михаил Мясникович Қазақстан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты, Қырғыз Республикасының басшысы Садыр Жапаровты және Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевті Халықаралық Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕАЭО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЕАЭО алқасының төрағасы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттерін Наурыз мерекесімен құттықтады

«Бұл ежелгі тамаша көктем мерекесі – Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан халықтары мәдениетінің бай, тарихи мұрасының маңызды, ажырамас бөлігі. Табиғаттың көктемгі жаңару күні елдеріңіздің игілігі үшін жаңа ауқымды жобаларды жүзеге асыруға серпін берсін», - делінген құттықтау хатында.

Михаил Мясникович мемлекет басшыларына мықты денсаулық пен жақсылық, ал Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан халықтарына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

«Наурыз» парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді, 21 наурызда атап өтіледі. Бұл иран және түркі халықтарының астрономиялық күн күнтізбесі бойынша көктемнің келу мерекесі. Наурыз – ұлттық дәстүр.

2009 жылғы 30 қыркүйекте Наурыз ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енді. Осы уақыттан бастап 21 наурыз Халықаралық Наурыз мерекесі болып жарияланды.

Сондай-ақ Михаил Мясникович Дмитрий Мезенцевті Одақтас мемлекеттің мемлекеттік хатшысы болып тағайындалуымен құттықтады.