ЕАЭО: Алматыдағы қаржылық реттеуші одақтың негізгі қызметтерін атқаратын болады
«Қаржылық регулятор Алматыда орналасуының өзінде үлкен мән жатыр. Себебі ол Еуразиялық экономикалық одақтың ең басты қызметтерін атқаратын болады. Мұнда мен ешқандай қарама-қайшылықтар көріп тұрғаным жоқ, меніңше барлығы заңды және қисынды. ЕАЭО-ның құрылуының себебі болған басты қызметтердің басым бөлігі Қазақстанда орналасады», - деп атап өтті Е.Махмұтова Астанада Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте.
Сонымен қатар аталмыш брифингке қатысқан РФ сауда-өнеркәсiптiк палатасындағы ШЫҰ және ТМД елдерінің экономикалық бiрiгу сұрақтарына арналған комитеттiнің мүшесі, саясаттану ғылымының кандидаты Елена Кузьминаның атап көрсеткеніндей, мемлекеттер арасында үлестірілген құзыреттілік пен қызметтер теңдей үлестірілген және өзара теқұқылы принциптер аясында құрылған.
«Ең бастысы еуразиялық экономикалық комиссиядағы лауазымды тұлғалар арасындағы қызметтер теңдей етп бөлінген. Белгілі бір блоктарға жеке бір мемлекет міндетті, сондықтан мұнда теңдік мәселесі өте жақсы шешілген», - деді Е.Кузьмина.
Айта кетейік, Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ҚР Президенті Н.Назарбаев одақтың қаржы нарықтарын реттеу жөніндегі ұлтүстілік органы 2025 жылдан бастап Алматыда болады деп хабарлаған болатын.