ЕАЭО ауыл шаруашылығын дамытудың бірыңғай стратегиясын айқындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ елдері (ЕАЭО) Еуразиялық экономикалық комиссиямен (ЕЭК) бірлесе отырып, ауыл шаруашылығын дамытудың бірыңғай стратегиясын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕЭК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Аталған құжатта азық-түлік қауіпсіздігін одан әрі нығайтуды есепке ала отырып, инновациялық тәсілдерді енгізу мен орташа мерзімді болашақта импортты толықтай алмастыру, жоғары технологиялы өнімдерді шығару және экспорт көлемін ұлғайту сынды мәселелер қамтылған», - деді Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумда ЕЭК Алқасының мүшесі (министр) Сергей Сидорский.
ЕЭК Алқасының мүшесінің (министр) пікіріне қарағанда, агроөнеркәсіптік кешенді инновациялық дамыту тақырыбы ЕАЭО елдері үшін өзекті болып табылады.
«Бұл қазіргі таңда одаққа мүше елдердің жоғары технологиялық өндіру құралдарын, ұрықтарды, азықтарды, генетикалық материалдарды импорттауға тәуелді болып отырғандығымен байланысты. Біздің пікірімізше, бұл жағдайды алдағы бес жылда түбегейлі өзгертуге болады», - деп атап өтті С. Сидорский.