ЕАЭО Азия және Таяу Шығыспен белсенде түрде сауда жасауы керек – ҚР Президенті
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ аясында Ресей Қазақстан үшін басты сауда-экономика саласындағы серіктес екенін атап өтті.
«Былтыр екі елдің өзара сауда айналымы үштен бірге артып, 24 миллиард долларға жетті. Біз үшін бұл – рекорд. Биыл бұл бағыттағы оң қарқын сақталып отыр. Жаңа жағдайды ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақ аясында жаңа сауда стратегиясын әзірлеумен айналысқан орынды әрі пайдалы болар еді. Тиімділігі күмәнді контрсанкцияның орнына Азия мен Таяу Шығыс нарығын тұтас қамтитын белсенді әрі оңтайлы сауда саясатын жүргізген жөн. Қазақстан қандай да бір «буферлік нарық» қызметін атқарар еді. Жалпы, Еуразиялық интеграцияның түбегейлі жетістікке жетуі біздің бірлескен сауда стратегиямыздың тиімділігіне байланысты», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіп кооперациясын мүлде жаңа деңгейге көтерудің перспективасы зор екенін атап өтті. Президент ресейлік инвесторларға тиісті инфрақұрылымы бар өнеркәсіп алаңдарын ұсынуға және қолайлы жағдай жасауға әзір екенін мәлімдеді.