ЕАЭО басты мақсаттарының бірі - экономиканы жаңғырту үшін мемлекеттердің мүмкіндіктерін біріктіру

«Интеграцияның бірінші кезеңі кедендік жүйелерді жақындастыру болды, бұл ретте Кеден одағының Кедендік кодексі қолданысқа енді. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмысты одан сайын жетілдіре түсу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі жобасы әзірленуде», - деп атап өтті Вице-министр.
Оның сөзіне қарағанда, үш елдің бизнес-қауымдастығы белсене қатыса отырып, әзірленген кодекс жобасы бүгінгі күні мемлекетішілік келісу рәсімдерінен өтуде. Вице-министрдің айтуынша, жаңа жобада электрондық құжат айналымы мен электрондық декларациялауға басымдық берiледі. «Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң салық салу саласындағы өзара iс-қимылдарының қағидаттары Одақ туралы шартта қамтылып отыр. Бұл ретте одаққа мүше бiр мемлекеттiң аумағынан екiншi мемлекеттiң аумағына әкелiнетiн тауарларға жанама салық салынатын болады. Мәселен, экономикалық одақ шеңберiнде жанама салықтарды салу салық органдарына 2010 жылдан берiлген. Сонымен бірге, үшiншi мемлекеттерден тауар импорты кезiнде кедендiк тазарту рәсiмiн жеңiлдету мақсатында iрi салық төлеушiлер үшiн жанама салықтарды төлеу кедендiк рәсiмдеу кезiнен бастап бiр жарым айға дейiнгi мерзiмде жүзеге асырылады. Бұл сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының айналымдық қаражатын үнемдейдi», - дейді А. Теңгебаев.