ЕАЭО елдері арасында ең арзан күнбағыс майы Қазақстанға тиесілі

АСТАНА. KAZINFORM –  10 сәуірде Сауда және интеграция министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Майлы дақылдарды өңдеушілердің ұлттық ассоциациясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы келісімге келді.

ЕАЭО елдері арасында ең арзан күнбағыс майы Қазақстанға тиесілі
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Меморандумның негізі — тараптардың баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға деген өзара мүдделілігі.

— Меморандум аясында Майлы дақылдарды өңдеушілердің ұлттық ассоциациясы өндіріс және халыққа бөлшек саудада сатылым үшін өндірушілерден бағаларды тұрақтандыру міндеттемесін өз мойнына алды. Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өңдеу қуаттарын арттыру мақсатында шикізат базасын ұлғайтуды ынталандырады, — делінген хабарламада.

Сауда және интеграция министрлігі меморандум аясында баға мониторингін жүргізіп, күнбағыс майын экспортқа ілгерілету бастамасын көтереді және ел ішіндегі нарықта күнбағыс майын сату кезінде сауда үстемесін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.

Осы сияқты меморандумдар бұған дейін де бірнеше рет жасалып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша бизнеспен келісімдер жасауға мүмкіндік берді.

Қабылданып жатқан шаралардың арқасында, әлемдегі күнбағыс майы бағасының өсу тенденцияларына қарамастан, елімізде күнбағыс майының бағасы тұрақты әрі ЕАЭО елдері арасында бағаны ең төменгі деңгейде сақтап отыр.

Айта кетелік әлеуметтік азық-түлік бағасын қымбаттатқандарға қанша теңге айыппұл салынатыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар