ЕАЭО елдері зейнетақымен қамсыздандыру келісімі бойынша позицияларын жақындастырды
«Жұмысшыларды зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім Еуразиялық интеграция қауымдастығының негізгі бостандықтарының бірі - ЕАЭО елдерінің кез келгенінде жұмыс істеген кезде зейнетақымен қамтамасыз ету құқығын алу және жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сондықтан оны мерзімінен бұрын қабылдау - комиссия мен одаққа мүше мемлекеттер жұмыстарының басым бағыттары», - деп атап өтті отырыста Еуразиялық экономикалық комиссиясының Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов.
Консультативтік комитет отырысында шарт жобасын жүзеге асыру тетіктері қаралды.
«Жобаны талқылау нәтижесі бойынша, ЕАЭО мүше-мемлекеттердің қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт күшіне енген күннен бастап оны іске қосу қажеттілігін ескере отырып, осы бағыттағы жұмысты күшейту туралы шешім қабылданды», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.
Фото: belta.by