ЕАЭО елдерінен Қазақстанға бидай әкелуге 6 айға тыйым салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізге Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан автомобиль және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЕАЭО елдерінен Қазақстанға бидай әкелуге 6 айға тыйым салынады

Мұндай тыйым Ауыл шаруашылығы министрінің ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған бұйрығында көзделген.

«Алты ай (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 100119; 100199) мерзімге: Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен; лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің, құс шаруашылығы кәсіпорындарының атына темір жол көлігімен бидай әкелуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен темір жол көлігімен бидай әкелуге тыйым салу енгізілсін», - делінген бұйрықта.

Құжат 4 қыркүйекке дейін жария талқылауға шығарылып отыр.