ЕАЭО елдерінде ғылыми дәрежелерді тану туралы келісім ратификацияланды

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

заң шығару
Фото: akorda.kz

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.