ЕАЭО-ның энергия саудасы қазақстандық платформада іске қосылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдер арасында электр энергиясын сату қазақстандық және ресейлік платформаларда іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ЕАЭО-ның энергия саудасы қазақстандық платформада іске қосылады

«Электр энергиясының ортақ нарығын қалыптастыру мәселесіне тоқталатын болсақ, электр энергиясының бірінші саудалары іске асырылуы үшін қазақстандық және ресейлік тұғырнаманы пайдалану арқылы пилоттық жобаны бастаймыз. Осы тәжірибені ескере отырып, электр энергиясының ортақ нарығын қалыптастырудың кешенді жобасын іске қоспақпыз», - деді Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысынан кейінгі брифингте.

Естеріңізге сала кетейік, ЕАЭО аясында ортақ электр энергиясы нарығы құралады. Бұл ортақ энергетикалық нарықтың бір бөлігі болады, онда сонымен қатар ЕАЭО-ға мүше елдердің бірыңғай мұнай, газ және көмір нарықтары қамтылады.

Сарапшылардың пайымынша, бірыңғай энергетикалық нарықты құру осы саладағы қауіпсіздікті, сондай-ақ энергиялық ресурстар бойынша қатысушы елдердің ішкі нарығындағы қажеттілікті қамтамасыз етеді.