ЕАЭО-ның құрылуы теңгенің құнсыздануын тудырмайды - Е. Ыдырысов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы теңгенің девальвациясын тудырмайды. Бұл туралы бүгін Астанада ЕАЭО туралы шартқа қол қойылуына байланысты өткен брифингте ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов мәлім етті.

ЕАЭО-ның  құрылуы теңгенің құнсыздануын тудырмайды - Е. Ыдырысов

«Біздің (ЕАЭО) шартқа қол қойылуының салдарынан рубльдің, теңгенің немесе белорустық валютаның девальвациясын тудыратын қандай да бір себеп бар деп ойламаймын. Керісінше, біздің экономикалық әлеуеттің нығаюы валюталардың тұрақтылығын күшейте түседі», - деді Е. Ыдырысов.

Бұл тұрғыда министр ЕАЭО-ның қаржылық ұйымдары күрделі жағдайларда тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, ұлттық экономикалардың мүдделерін қорғауға қауқарлы болатынын қадап айтты.