ЕАЭО-ның ортақ энергетикалық нарығында қуат көздерін қалай саудалайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бес ел - Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Арменияның ортақ энергетикалық кеңістігін құру жоспарланып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Айта кеткен жөн, бұған дейін ортақ электрэнергетикалық нарықты құру тұжырымдамасы қабылданған болатын. Ал өткен жылы арнайы бағдарлама рәсімделді. "Қазіргі кезде ортақ энергетикалық нарықты қалыптастыру бойынша нормативтік-құқықтық база пысықталып жатыр. 2019 жылы мемлекетаралық келісімге қол қойылады деген жоспар бар. Аталған құжат ортақ энергетикалық нарықты реттейтін болады", - дейді ҚР Энергетика министрлігінің электрэнергетика және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Талғат Әбілғазы.

Оның сөзіне қарағанда, ортақ энергетикалық кеңістікті құру бастамасы ЕАЭО келісіміне дейін болған. 2010 жылы Қазақстан, Ресей мен Беларусь арнайы шарттың аясында бір-бірінің электр желілеріне кіруге рұқсат берді. Алайда ол кезде көптеген кедергілер болды. Үш елдің нарығы үш түрлі еді. Қазақстанда электрэнергия саудасы ашық болса, Ресейде тәуліктік сауда жүйесі жүргізілді. Ал Беларусьте вертикалды монополия болды. "ЕАЭО құрылғаннан кейін біз ортақ энергетикалық кеңістікті біртіндеп құруды қолға алдық. Ол үшін арнайы тұжырымдама да әзірленді. Оған сәйкес, қуат көздерінің саудасы үш бағытта іске асады. Біріншіден, екіжақты сауда, яғни екі елдің компаниялары екіжақты келісімшартты рәсімдеп, электрэнергияны саудалайды. Екіншіден, арнайы электронды алаңды құрылады. Онда да сауда жасалады. Үшіншіден, екі ел келісім жасасқаннан кейін қандай да бір өзгерістер болса, басқа біреуге беріледі. Енді, бұның барлығы әзірше тұжырымдама күйінде", - деп атап көрсетті министрліктің өкілі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум