ЕАЭО-ның зейнетақы туралы келісімін күтіп жүргендер көп - Беларусь Премьер-Министрі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер азаматтарының зейнетақымен қамтамасыз етілуі туралы келісім жобасы аясындағы жұмыстар баяу жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін Астанада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Беларусь Премьер-Министрі Андрей Кобяков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер жұмыскерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім жобасы бойынша жұмыстар біз ойлағандай жылдам жүріп жатқан жоқ. Бұл құжаттың жұмысы одақтың бірнеше елдерімен байланысты миллиондаған адамдар күтіп жүр. Атап айтқанда, мемлекеттердің қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, адамдардың мүдделері барынша қорғалуы тиіс", - деді Кобяков.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің үкімет басшылары аталған құжаттың жобасын талқылады .
Келісім зейнеткерлік қамту саласында тең құқықты қамтамасыз етуге бағытталған. Келісім күшіне енгеннен кейін, ЕАЭО-ның кез келген елінде (ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында жұмыс істеу барысында) еңбек өтілі мен зейнетақаны жолғалтпастан, жұмыс істеу мүмкіндігі іске асырылады.