09:33, 03 Қараша 2017 | GMT +5
ЕАЭО: Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту - интеграцияның басты тетіктерінің бірі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында шекаралық және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту еуразиялық интеграцияның басты тетіктерінің біріне айналып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян бейсенбі күні «Оренбуржье - Еуразияның жүрегі» халықаралық форумында еуразиялық брендтерді қалыптастырып, дамытуға жағдай жасайтын бірлескен кәсіпорындар құру жұмыстарын жандандыру қажеттігін тілге тиек етті. «Одақ елдерінің өңірлері интеграцияның барлық стратегиялық міндеттері бойынша бірлескен жобаларды енгізу мен дамытудың қозғаушы күші болады деп үміттенеміз», - деді.
ЕЭК алқасының төрағасы Қазақстан мен Ресей өңірлері арасында 300-ден астам келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді.