ЕАЭО өсімдіктер карантині жөніндегі Жерорта теңізі ұйымымен ынтымақтастық орнатпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде Еуропалық фитосанитарлық зерттеулер үйлестіру бағдарламасына (Euphresco) арналған халықаралық семинарда, Өсімдік қорғау туралы Еуропалық және Жерорта теңізі ұйымының бас атқарушы директоры Мартин Уорд пен ЕЭК Техникалық реттеу министрі Валерий Корешков ынтымақтастық бағдарламасын дайындау туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

ЕАЭО өсімдіктер карантині жөніндегі Жерорта теңізі ұйымымен ынтымақтастық орнатпақ

ЕЭК баспасөз қызметінің хабарлауынша, қатысушылар Euphresco бағдарламасы аясында жүргізілген фитосанитарлық зерттеулер саласындағы жетістіктері туралы айтып берді. ЕЭК мүше елдердің ғылыми институттары аталмыш бағдарламаға үлкен қызығушылық танытты.

Семинарда Өсімдік қорғау туралы Еуропалық және Жерорта теңізі ұйымы мен ЕЭК арасында 2020 жылға дейінгі ынтымақтастық бағдарламасын дайындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

27-28 шілдеде өткен аталмыш шараны Өсімдік қорғау туралы Еуропалық және Жерорта теңізі ұйымы ұйымдастырған. Оған ЕЭК, Өсімдік қорғау туралы Еуропалық және Жерорта теңізі ұйымы, Канада, Австрия, Испания, Голландия, Латвия, Литва, Бельгия және Испанияның, Еуразиялық экономикалық одақтың өсімдіктерді қорғау жөніндегі ұлттық ұйымдары, сонымен қатар Одаққа мүше мемлекеттердің ғылыми институттары қатысты.