ЕАЭО-тың ветеринариялық талаптарын бұзудың 28 фактісі тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 10 қазанынан бері қазақ-қырғыз шекарасында ЕАЭО-тың ветеринариялық талаптарын бұзу фактісі 28 рет тіркелді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен хабарланды.
None
None

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, биылғы жылдың 10 қазанынан бастап, қазақ-қырғыз шекарасында ветеринарлық бақылау күшейтілді. Осы кезде 6 шекаралық бекетте 32 инспектор жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар құзырлы орган өкілдеріне Қырғызстаннан келетін өнімдерді бақылау мен қадағалауды күшейту тапсырылды.

Қазіргі таңда Қазақстанға өз өнімдерін жеткізуге құқығы бар кәсіпорындар саны - 25. Олардың 15-і сүт өнімдерін өндіруші, 8-і балық өнімдерін өндіруші, 2-уі дайын ет өнімдерін өндіруші кәсіпорындар.

Осы кезде қырғыз елінің 5 сүт өндіруші кәсіпорнының Қазақстанға тауар тасымалдауына тыйым салынды.

Министрліктің мәліметтеріне қарағанда, қырғыз тарапының ЕАЭО-тың ветеринарлық талаптарын орындамауының басты көріністерінің бірі - 2017 жылдың 22 қазаны күні Қазақстан-Қырғыз шекарасында ұсталған 60 бас мал болып отыр. Аталмыш малдар, яғни ешкілер мен жылқылар Тәжікстаннан Беларусь еліне арнайы ветеринарлық рұқсат құжаттарынсыз кетіп бара жатқан.

Жалпы алғанда 2017 жылдың 10 қазанынан бастап, ЕАЭО заңнамаларын бұзудың 28 жағдайы тіркелді. Бұл ретте 34,468 тонна мал өнімдері (35ба МІҚ, 58 жылқы, 58 ұсақ мал) анықталғандығын айта кету керек.

Сондай-ақ заңсыз тауар тасымалдаудың 16 фактісі (Қазақстанға тауар тасымалдауға рұқсат етілмеген кәсіпорындардың өнімдерін жеткізу, ветеринарлық рұқсат құжаттары жоқ тауар тасымалдау) анықталды. Ветеринарлық құжаттары рәсімдеу талаптарын бұзудің 11 фактісі, транзит рұқсатында көрсетілмеген өткізу бекетінен өтуге ұмтылудың 1 фактісі тіркелді. Олар бойынша төмендегі шаралар қолға алынды: 8 факті бойынша 749 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, 6 факті бойынша, тауар (мал, балық өнімдері, тері) қайтарылды. 19 факті бойынша тауар жойылды, 4 факті бойынша комиссиялық жұмыстар жүріп жатыр.

2017 жылдың 4 қарашасындағы жағдай бойынша заңбұзу әрекеттері болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар