ЕАЭО үкімет басшыларының келесі отырысы Ереванда өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы биыл қазан айының аяғында Ереванда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ЕАЭО үкімет басшыларының келесі отырысы Ереванда өтеді

"Кеңестің келесі отырысы 30 қазанда Ереванда өтеді", - деп атап өтті Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбеков Астанада өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысын қорытындылау кезінде.

Өз кезегінде Ресей Премьер-Министрі Дмитрий Медведев РФ Үкіметінде тығыз жұмыс кестесіне байланысты кезекті отырысты басқа мерзімге ауыстыруды сұрады. 

"Біздің тарапымыздан бір түзету бар. Осыған дейін шағын құрамда талқылау кезінде басқа датаны уағдаласқан едік. Ресейлік тараптың жасайтын сапарлары бойынша жұмыс кестесі өте тығыз екенін ескере отырып, оны әріптестеріме айтқан болатынмын. Сондықтан да бұған дейін 24-25 қазан ұсынылған еді және осы мерзімді қайта қарастыруды өтінемін", - деді Д. Медведев.

Осындан кейін отырысқа қатысушы үкімет басшылары келесі отырысты өткізу мерзімін алдағы уақытта тағы да өзара нақтылау шешімін жасады.

Айта кетейік, үкіметаралық кеңес отырысы тоқсанына бір рет ұйымдастырылады.