ЕАМФ: Нобель сыйлығының лауреаты АҚШ Президентінің климатқа қатысты сөзін сынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - XIV Еуразия медиа форумында Нобель сыйлығының лауреаты (Үндістан) Раджендра Пачаури климаттың өзгеруіне қатысты АҚШ Президенті Дональд Трамптың пікіріне сын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Жасыл" экономика климаттың өзгеруіне ықпал етпейді деген тұжырыммен келіспеймін. Бұл өз кезегінде ғалымдардың зерттеуіне қайшы келеді. Сондықтан жаңаратын энергетика саласына неғұрлым ертерек қадам бассақ, соғұрлым жақсы болады. Климаттың өзгеруіне адамның ықпалы бүгінде дәлелденген. Кейбір елдердің көшбасшылары климаттың өзгеруі дәйексіз, бекер тұжырым деп айтуда. Бұл тұрғыда АҚШ Президенті Дональд Трампты меңзеп отырмын. АҚШ басшысы климаттың өзгеруі негізсіз тұжырым деген кезде, бұл пікір ақылға қонымсыз сезімді тудырады. (...) Бұндай пікірлер қабылдауға келмейді",-деді ол.
Осы орайда Нобель сыйлығының лауреаты климат жүйесіне адамзаттың ықпалы айқын байқалып отырғандығын атап өтті.
"Ғасырдың басынан бері мұхиттың орташа деңгейі көтерілді, сондықтан бұл тұрғыда алаңдаудың реті жоқ деп қалай айта аламыз? Мәселен, аралдағы мемлекеттер үшін бұл ахуал бүгінде өмірлеріне қауіп төндіре бастады. Егер де теңіз дауылы орын алса, онда олар үшін жағдай қиындайтыны түсінікті ғой",-деді ғалым.