ЕАТ аз уақыттың ішінде алға қарай үлкен қадамдар жасады - ФАТФ Президенті

; АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қылмыстық кіріс пен лаңкестікті қаржыландыруды заңдастыруға қарсы әрекет жөніндегі Еуразиялық топ (ЕАТ) алдағы уақытта ресми халықаралық ұйымға айналмақ. Бұл бүгін Алматы облысы Талғар ауданындағы "Ақбұлақ" спорттық сауықтыру кешенінде өтіп жатқан ЕАТ-тің 12-ші отырысында айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"ЕАТ аз уақыттың ішінде алға қарай өте үлкен қадамдар жасады. Әрине, өз қызметін жетілдіруде онда атқарылатын жұмыстар әлі жеткілікті. Қазір Арам ақшаны пайдалануға қарсы күрестің қаржылық шараларын жасайтын топта (ФАТФ) ЕАТ-қа ассоцияланған мүше мәртебесін беру жұмыс мәселесін қарап жатыр. Ол маусым айының орта шенінде Амстердамда болатын басқосуда шешіледі. Егер ол сәтті жүзеге асса, бұл ЕАТ жұмысына берілетін үлкен баға болмақ", дейді ФАТФ Президенті Пол Вландерен. ЕАТ төрағасы Олег Марковтың айтуынша, бұл отырыстың күн тәртібіндегі негізгі тармақтар ЕАТ құрамын кеңейту және оны халықаралық ұйым ретінде қайта құру мәселелері болды. Осыған байланысты жұмыс топтарының оңаша отырыстарында ЕАТ-тың жаңа ережесі мен бюджеті жан-жақты талқылаулар жасалды.

Жалпы 2004 жылы қазаның 6-сы күні құрылған ЕАТ-тың құрамындағы Беларус, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстанның қатарына бұл отырыста Түрікменстан қосылды. Сондай-ақ бақылаушы мәртебесі Черногория мен Сербияға берілді. Бұған дейін мұндай мәртебе Түрікменстаннан басқа тағы 15 мемлекет пен 15 халықаралық және аймақтық ұйымдарға берілген болатын. Бұған дейін бейресми ұйым саналып келген ЕАТ енді дамудың жаңа кезеңіне аяқ баспақ.

Соңғы жаңалықтар