Эбола безгегімен күреске роботтар пайдаланылуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ ғалымдары Эбола безгегімен күресте роботтар көмектесе алады деп есептейді.
Мамандардың пікіріне қарағанда, кейбір роботтарды адамдардың орнына мәйіттерді көмуге пайдалануға болады.
Ақүйдің қолдауымен 7 қараша күні ғалымдардың кездесуі өтеді. Ол жерде мамандар безгекпен күресу үшін роботтардың көмегіне жүгіну мүмкіндігі туралы талқылайды, деп жазады шетелдік БАҚ.