Эбола безгегін банан арқылы жұқтыру мүмкін емес - Ұлттық экономика министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша комитеті қазақстандықтардың ұялы телефондарына Эбола вирусы жұққан банандар туралы хабарламалар келуіне байланысты түсініктеме берді. Ведомствода Эбола безгегін банан арқылы жұқтыру мүмкін емес деп атап өтті.

Эбола безгегін банан арқылы жұқтыру мүмкін емес - Ұлттық экономика министрлігі

«Эбола безгегі Батыс Африкада адамға жануарлардан жұғу арқылы таралған, одан кейін ол адамнан басқаларына тараған», - деп атап өтті адам құқығын қорғау бойынша комитетінен.

Хабарламада инфекцияның тікелей қарым-қатынас жасау арқылы, биологиялық сұйықтықтар арқылы жұғатыны көрсетілген.

Сонымен бірге инфекция науқаспен тікелей байланыссыз-ақ, оның инфекция жұққан медициналық құралдары арқылы, күнделікті тұрмыстағы заттары арқылы жұғуы мүмкін.

«Эбола безгегі ауа және тамақтану жолымен жұқпайды. Сондықтан да Эбола безгегінің банан немесе қандай да бір басқа жеміс және көкөністер арқылы жұғуы мүмкін емес», - деп түсіндірді ведомствода.