Эбола безгегіне байланысты Душанбе әуежайында адамның ыстығы өлшенеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстан астанасы Душанбенің халықаралық әуежайында Эбола безгегінен сақтану мақсатында қатаң бақылау, тексеру іс-шаралары қолға алынды, деп хабарлады Avesta.Tj агенттігі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Эбола безгегіне байланысты Душанбе әуежайында адамның ыстығы өлшенеді

Душанбе халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Махмадюсуф Шодиевтің айтуынша, қолға алынған іс-шара барысында індет тараған аймақтарға қатынаған барлық жолаушылар тексеруден өтететін болады.

«Күдікті жолаушылар әуежайда бірнеше сұрақтарға жауап береді, сонымен қатар оның ыстығы өлшенеді. Егер безгек жұқтырғаны анықталса, жолаушы дәрігерлерге жіберіледі және қосымша шаралар қабылданады», - деді М.Шодиев.